Жаңалықтар

11:19 | 22 ақпан 2014
Жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының ашылу салтанатында «Дзюдо федерациясы» РҚБ Бірінші вице – президенті Мықтыбеков Марат Сәменбекұлы жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, Жамбыл облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қайнарбеков Гамлет Төреханұлына аймақтағы дзюдоның дамуына үлесін қосқаны үшін алғыс хат табыс етті және федерация атынан «Жамбыл облысы дзюдо федерациясы» ҚБ 2 татамиді сыйға тартты.
23:36 | 21 ақпан 2014
Тараз қаласында 1994-1995 жылғы жастар арасында дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталды. Жарысқа еліміздің барлық аймағынан 500 - ге жуық спортшы қатысуда. Бүгін 55, 60, 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ұлдар мен 44, 48, 52 келі салмақтағы қыздар сынға түсті. Ертең 73, 81 келіге дейінгі салмақтағы ұлдар, 57, 63, және 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі қыздар белдеседі. Ақтық кездесулер 23 ақпанға жоспарланған.
12:22 | 18 ақпан 2014
2014 жылдың 20 – 27 ақпаны аралығында Германияда «Гран При» халықаралық турнирі өткізіледі. Оған еліміздің ұлттық құрамасының төмендегідей спортшылары қатыспақ: Ерлер құрамасы: Сметов Елдос (60 келіге дейінгі с/д) Ибраев Рустам (60 келіге дейінгі с/д) Мұқанов Азамат (66 келіге дейінгі с/д) Торенов Ертуған (73 келіге дейінгі с/д) Ықыбаев Дастан (73 келіге дейінгі с/д) Жақыпов Даулетхан (81 келіге дейінгі с/д) Болат Тимур…
14:17 | 17 ақпан 2014
2014 жылдың 15 – 16 ақпаны арылығында Римде өткен «Еуропаның Ашық Кубогы» халықаралық турниріне еліміздің әйелдер құрамасы қатысты. Алайда Қазақстан дзюдошыларына жүлдеге ие болу мүмкін болмады. Естеріңізге салайық, айтулы додада Қазақстан намысын 5 спортшы қорғады. Олар: 48 келі салмақ дәрежесіне дейін 2011 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионы Байқұлова Айгүл, осы салмақ дәрежесінде Лондондағы олимпиадаға қатысқан, Әлем Гран-прилерінің қола жүлдегері Подрядова…
11:07 | 14 ақпан 2014
2014 жылдың 20-23 ақпан аралығында Тараз қаласында 1994-1995 жылғы жастар арасында дзюдодан Қазақстан чемпионаты өткізіледі. Жарысқа еліміздің барлық аймағынан спортшылар қатысады. Жеребе тарту рәсімі 20 ақпанға жоспарланған.

Әлеуметтік желідегі парақшалар