Жаңалықтар
03:27 | 24 наурыз 2014
Чехияның Прага қаласында өткен дзюдодан Еуропа ашық кубогі додасында (1-2 наурыз) Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Айбек Имашев чемпион атанды. 60 келі салмақта белдескен Айбек ақтық сында белоруссиялық Ариф Багировке айла қалдырмай, таза жеңді. Бұл жаңа маусымдағы Қазақстан дзюдошылары жеңіп алған алғашқы алтын жүлде. Қартамыс ғалам балуандарының ішінде шоқтығы биік болған жерлесіміз confederation.kz сайтының оқырмандары үшін арнайы сұхбат берді.
Біздің дерек.…
23:54 | 21 наурыз 2014
Тбилисиде өтіп жатқан дзюдодан Гран-при бәсекесінің бірінші жарыс күнінде 60 келідегі Еркебұлан Қосаев (суретте ақ кимонода) күміс жүлдегер атанды. Финалға дейін барлық қарсыласынан басым болған жерлесіміз ақтық сында әзірбайжандық балуан Орхан Сафаровтан жеңіліп қалды.
Осы салмақта қола жүлде үшін күрескен Ғабит Есімбетов татами иесі Лукуми Чхвимианиден ұтылып, 5-і сатыға табан тіреді.
66 келіде белдескен Елдос Жұмаханов та қолаға қол созым…
16:37 | 21 наурыз 2014
«Дзюдо федерациясы» ҚБ наурыз мейрамы қарсаңында «Спешиал Олимпикс» ҚБ тәрбиеленушілеріне 10 кимононы сыйға тартты. Сыйлықтарды федерацияның даму жөніндегі директоры, олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Асхат Жіткеев табыс етті. «Спешиал Олимпикс» ҚБ мақсаты, мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамның толыққанды мүшесі болуларына көмектесу. «Дзюдо федерациясы» ҚБ мүгедек балаларға жан-жақты қол ұшын созып келеді. Мәселен, өткен жылдың желтоқсан айында оларға 25 татами табыс етілді.
15:37 | 21 наурыз 2014
Тбилисиде өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Гран-При сериясының (21-23 наурыз) алғашқы жарыс күнінде 60 және 66 келі салмақтағы балуандар бақ сынауда.
66 келіде Қазақстан намысын қорғаған Елдос Жұмаханов (суретте ақ кимонода) жартылай финалда әзірбайжандық Ниджат Шихализадамен кездеседі. Бұған дейін жерлесіміз португалиялық Серджиу Олейник пен Еуропа чемпионы, ресейлік Әлім Гадановты ұтқан болатын.
Бұл салмақта татамиге шыққан Наурызбек Майлашев алғашқы жекпе-жегінде грузиялық Гиорги…
15:09 | 21 наурыз 2014
Грузия астанасы Тбилисиде дзюдодан Гран При бәсекесі (21-23 наурыз) өтуде. Алғашқы жарыс күнінде татамиге шыққан қазақ балуандары әзірге сәтті өнер көрсетіп келеді. Бүгін 60және 66 келідегі балуандар жүлдеге таласуда.
60 келі салмақ дәрежесінде бапкерлер Еркебұлан Қосаев пен Ғабит Есімбетовке сенім артқан еді. Лондон Олимпиадасында бақ сынаған тәжірибелі Еркебұлан (суретте ақ кимонода) украиндық Денис Беличенко және грузиялық Гиорги Бролашвилиден айла асырып,…