Жаңалықтар
19:30 | 17 сәуір 2014
Павлодар қаласында ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Батырбек Сейсенбаевты еске алуға арналған турнир қарсаңында, бапкерлерге арналған семинар өткізілді. Оған 30 – ға жуық жаттықтыруышы қатысты. Еліміздің дзюдодан ұлттық құрама командасының бапкері әрі кеңесшісі Александр Яцкевич және ҚР еңбек сіңірген спортшысы Асхат Жіткеев тәжірибелік сабақтар өткізді.
21:37 | 07 сәуір 2014
Дзюдодан Еуропа кубогында Наймантаева Гүлфайруз (44 келі) және Қайсарова Әсел (52 келі) 3 орынды жеңіп алды. Жарыс Грецияда ағымдағы жылдың сәуір айының 5-6 күндері өткізілді. Елімізден 21 спортшыдан құралған жастар командасы қатысты (13 ұл, 8 қыз). Жалпы байрақты бәсекеде 32 мемлекеттен 300- ден астам дзюдошы бақ сынады.
21:34 | 07 сәуір 2014
Дзюдодан жастар құрамасы Тверь қаласында өткен Еуропа кубогында 3 медаль жеңіп алды. Жарыс ағымдағы жылы сәуір айының 5-6 күндері өтті. Қазақстан намысын 22 спортшыдан құралған жастар командасы қорғады. Жарыс қорытындысы бойынша Хамза Дидар (73 келі) қоладан алқа тақса, қыздар арасынан Науатбек Ақмарал (40 келі) мен Айда Карчаева (48 келі) күмісті олжалады. Сондай-ақ, алғашқы 7 спортшының қатарына Әбілдә Бейбарыс (50 келі),…
17:03 | 06 сәуір 2014
Ағымдағы жылдың 3-6 сәуірі аралығында Шымкент қаласында бапкерлерге арналған курс өткізіліп, оған 121 жаттықтырушы қатысты. Шара барысында ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, профессор Шепетюк М.Н. «Дзюдо күресінде техникалық іс-қимылдарға үйрету әдістемесі» және «Дзюдошылардың көп жылдық дайындықтарының жалпы құрылымы» тақырыптарында дәрістер оқыды. Сондай-ақ, ҚР еңбек сіңірген спортшысы Асхат Жіткеев жас дзюдошылармен тәжірибелік сабақтар өткізді.
11:55 | 04 сәуір 2014
БҰҰ Бас Ассамблеясы 6 cәуірді Халықаралық спорт күні деп жариялады. Осы айтулы күнге орай дзюдодан Қазақстанның ерлер құрамасы сәуір айының 6-15 аралығында Шымкентте оқу - жаттығу өткізеді және аталмыш қалада осы күнге орайластырылып бапкерлерге арналған семинар өткізілуде. Шара сәуірдің 6 дейін жалғасады.