Жаңалықтар

09:39 | 11 мамыр 2014
Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасын бірыңғай спорттық жейдемен қамтамасыз етті. Демеушілеріміз «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ мен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы АҚ арқасында, ұлттық құраманың бірінші және екінші нөмірлі спортшыларымен қатар, бапкерлер кеңесі де әлемдік бренд саналатын «UMBRO» жейделерімен қамтылды.
12:29 | 10 мамыр 2014
Қазақстандық дзюдошылар Арман Махамбетов пен Бекзат Манасбаев (екеуі де 73 келі) «Үлкен Дулыға» (9-11 мамыр) турнирінде жеңіліп қалды. Махамбетов (суретте) алғашқы белдесуінде өзбекстандық Сарвар Шомұрадовқа есе жіберсе, Манасбаев әзірбайжандық Элвин Ахмадлиден ұтылды.
21:52 | 09 мамыр 2014
Бакуде басталған дзюдодан «Үлкен Дулыға» турнирінің (9-11 мамыр) бірінші жарыс күнінде қазақстандық дзюдошылар жүлдесіз қалды. Қола медаль үшін белдесуде 66 келідегі Елдос Жұмаханов Оңтүстік Корея өкілі Лимван Кимнен ұтылса, осы салмақта күрескен Жансай Смағұлов израильдік Голан Полактан жеңіліс тапты.
00:29 | 08 мамыр 2014
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионатында үздік 7 спортшының құрамына енген (Рио-де-Жанейро, 2013ж.), халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, ұлттық құрама мақтаныштарының бірі - Асхат Тельмановты бүгінгі туған күнімен құттықтаймыз! Cпорт саңлағы өзінің жоспарларымен бөлісіп, сұхбат берген еді. Асхат өзің қай кезден бастап спортпен айналыса бастадың ? -Мен негізі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылында дүниеге келгем. Алғаш рет спортпен 7…
10:18 | 05 мамыр 2014
Шараға 30 – ға жуық бапкекр қатысты. Сабақты ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы,профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты Шепетюк М.Н. және ҚР еңбек сіңірген спорт шеберлері Айдын Смағұлов пен Асхат Жіткеев өткізді.

Әлеуметтік желідегі парақшалар