Жаңалықтар

11:11 | 30 қазан 2014
«Дзюдо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұжымы, федерацияның атқарушы директоры Жылқыбаев Самат Сабитұлын туған күнімен құттықтайды! Ұжым атынан сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жұмысыңызға жеміс, отбасына амандық тілейміз!
11:36 | 28 қазан 2014
Құрметті бапкерлер мен спортшылар, дзюдо күресі саласында қызмет етіп жүрген азаматтар, сіздерді дүниежүзілік дзюдо күнімен құттықтаймын. 28 қазан күні дзюдоның негізін қалаушы - Дзигоро Кано дүниеге келген еді. Осыған байланысты халықаралық дзюдо федерациясы осы күнді мереке ретінде белгілеген болатын. Осы мерекеге орай барлықтарыңызға жарыс жолында жеңістер, отбасыларыңызға береке, мықты денсаулық тілеймін! «Дзюдо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Рақышев Кеңес
21:08 | 23 қазан 2014
"Дзюдо федерациясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің ұжымы еліміздің дзюдо күресінен ұлттық құрама командасының мүшесі Қосаев Еркебұлан Мұратбекұлының әкесі Қосаев Мұратбек Қалиасқарұлының қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
13:43 | 21 қазан 2014
Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасының жаттықтырушылары Абу –Даби қаласында (ОАЭ, 31 қазан мен 2 қараша аралығында ) өткізілетін Grand Slam жарысында ел намысын қорғайтын спортшылар тізімін бекітті: Имашев Айбек (60 келі) Қосаев Еркебұлан (60 келі) Ықыбаев Дастана (73 келі) Қалкаманұлы Азиз (81 келі) Есен Самат (90 келі) Ахметжанов Әсет (90 келі) Қозыбаев Әділхан (100 келі)
12:59 | 21 қазан 2014
22-26 қазан аралығында Майамида(АҚШ) дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтеді Қазақстан құрамасының сапы: Ерлер(жаттықтырушы Нұрбол Сүлейменов) 55 келіге дейінгі с/д– Сейдуәлі Асылжан 55 келіге дейінгі с/д– Жеңісбек Жақсыбек 60 келіге дейінгі с/д –Баймаханбетов Мейірлан 66 келіге дейінгі с/д – Сәкенұлы Ерасыл 73 келіге дейінгі с/д – Хамза Дидар 73 келіге дейінгі с/д – Мағауяұлы Табиғат 81 келіге дейінгі с/д– Жұрқабаев…

Әлеуметтік желідегі парақшалар