Жаңалықтар
09:11 | 02 маусым 2020
Жақын арада ұлттық құрама спортшылары оқу-жаттығу жиындарын қайта бастайды. Жаттығу жиындары кезең-кезеңімен және барлық белгіленген қауіпсіздік шараларының толық сақталуын қамтамасыз ететін спорт базаларында ғана өтеді. Спортшылар жаттығу жиынына қатыспас бұрын қауіпсіздік мақсатында COVID-19 вирусына сынақ тапсырады.
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық Комитеті ұлттық федерациялармен бірлесіп, Олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық құрамалардың мүшелеріне арналған оқу-жаттығу жиындарын кезең-кезеңімен қайта бастау туралы шешім қабылдады. ҰОК…
11:30 | 01 мамыр 2020
Құрметті дзюдошылар, бапкерлер мен дзюдо жанашырлары!
Сіздерді 1 Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтаймын!
Бұл мереке бірлік пен бейбітшіліктің, ынтамақтастық пен сыйластықтың символы іспетті.
Осындай қиын-қыстау шақта бірлік деген – біздің басты құндылығымыз! Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұдырықтай жұмылған кезде ғана біз мықты болып, кез келген қиындықты жеңіп шығамыз.
Еліміз үшін аса маңызды мерекемен баршаңызды шын…
10:48 | 14 сәуір 2020
Бүгін, 14 сәуірде 81 жасында Қазақстан дзюдосына үлкен еңбегі сіңген майталманы Бекет Сапабекұлы Махмұтов дүниеден озды.
Бекет Сапабекұлының аты Қазақстан спортында алтын әріптермен жазылып қалды. Ол 2009-2012 жылдары Қазақстан Дзюдо федерациясының президенті болды. Сондай-ақ, Азия дзюдо одағының вице-президенті қызметін атқарды.
⠀
Қазақстан дзюдо федерациясы Бекет Махмұтовтың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады.
⠀
12:19 | 21 наурыз 2020
Құрметті дзюдошылар, бапкерлер мен дзюдо жанашырлары!
Сіздерді Қазақстан дзюдо федерациясының атынан төл мерекеміз ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мерекебірліктің, татулықтың, ізгілік пен бақыттың символы іспеттес. Мызғымас бірліктің арқасында осындай қиын-қыстау күнде кез келген қиындықты бірге бағындыратынымызға сенемін!
Ұлыстың Ұлы күні саналатын Наурыз мерекесінде еліміздің ырысы мен ынтымағын нығайтып, әр отбасының береке-бірлігін арттырсын. Бірлігі мен…
14:01 | 12 наурыз 2020
Қазақстан дзюдо федерациясы коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында дзюдодан өтетін бірқатар жарыстардың шегерілгенін хабарлайды.
Атап айтқанда:
- 27-30 наурыз күндері Нұр-Сұлтанда 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты;
- 4-7 сәуір күндеріне жоспарланған Павлодар қаласындағы ҚРЕСЖ Б.Сейсенбаевты еске алуға арналған халықаралық турнирі кейінге шегеріледі;
- 18-19 сәуір Алматы қаласында жоспарланған Б.Махмұтовтың құрметіне арналған дзюдодан жасөспірімдер мен…