Жаңалықтар
16:02 | 21 наурыз 2015
17-20 наурыз аралығында дзюдо күресінен 2000-2001 жылғы жасөспірімдер арасында наурыз мейрамына арналған дəстүрлі республикалық турнир өткізілді. Жарыста Қырғызстан Республикасынан жəне еліміздің 13 облысынан 65 команда бақ сынады (645 спортшы). Турнирден кейін бір күндік жаттығу лагері ұйымдастырылып, оған 250 спортшы қатысты.
Турнир хаттамасы ресми сайттың «нәтижелер» бөлімінде
18:26 | 17 наурыз 2015
"Дзюдо федерациясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің ұжымы Алматы облысы Спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Чарапиев Тұратбек Төлеубекұлы мен Алматы облысының дзюдо күресінен аға жаттықтырушысы Чарапиев Сарсенбек Төлеубекұлына әкелері Ұлы Отан соғысының ардагері, Ленин, Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту ордендерінің және көптеген медальдардың иегері Чарапиев Төлеубек Орысбайұлының қайтыс болуына байланысты көңіл айтады.
18:11 | 13 наурыз 2015
"Дзюдо федерациясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің ұжымы Атырау облысы дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Ермұханов Нұржан Мақсотұлына анасының қайтыс болуына байланысты көңіл айтады.
17:43 | 12 наурыз 2015
2016 жылғы Олимпиада ойындарына дайындықты күшейту қажет. Бұл туралы спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясының жалпы жиналысында төраға Тимур Құлыбаев тапсырма жүктеді.
Жалпы жиналыста Конфедерацияның жаңа бас директор таныстырылды. Бұл қызметті Данияр Абулгазин атқаратын болады. Ал бұған дейін бас директор болған Сәкен Мұсайбеков жақында Үкіметтің қаулысымен ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалған еді.
Кездесуде Конфедерацияға кіретін спорт…
17:20 | 08 наурыз 2015
Анталияда (Турция) 7 наурыз күні кадеттер арасында Еуропа Кубогы өткізілді, оған ҚР жасөспірімдерден құралған ұлттық құрамасы қатысты. Жарыста жалпы саны 21 мемлекеттен, 463 спортшы бақ сынады. Біздің еліміздің намысын 34 спортшы қорғады (20 ұл мен 14 қыз).
Нәтижелері:
Амангельды Мади – 1 орын (73 кг)
Науатбек Ақмарал – 2 орын (44 кг)
Ералиева Нұрсұлу – 3 орын ( 40 кг)…