Жаңалықтар
12:31 | 31 наурыз 2015
28-29 наурыз аралығында Шымкент қаласында спортта дарынды балаларға арналған мектеп - интернаттары арасында дзюдо күресінен ел біріншілігі өткізілді. Оған 1998-1999 жылғы 165 спортшы қатысты. Жалпы саны 12 команда бақ сынады. Нәтижесінде Қызылорда облысының құрамасы бірінші, Алматы облысы спортшылары екінші орын алды. Үшінші орын Алматы қаласы дзюдошыларының еншісінде.
Жарыстан кейін 30-31 наурыз күндері жаттығу лагері өткізіліп, оған 60 –тан астам спортшы…
11:05 | 31 наурыз 2015
Жақында Астанада көптен бері күткен жылдың басты спорт шарасы - дзюдо күресінен әлем чемпионаты өткізіледі! Казақстан әлемнің жүзден астам дзюдошыларын қарсы алады. Осы додалы бәсеке қарсаңында біз халықаралық деңгейдегі спорт шебері, 2013 жылғы дзюдо күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Рио – де- Жанейро), 2013 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері (Бангкок) және 2014 жылы Азия ойындарының қола жүлдегері (Инчхон), ел дзюдосының…
21:25 | 29 наурыз 2015
Қазақ дзюдошысы Ислам Бозбаев Самсун қаласында (Түркия) өткен Гран При жарысының қола жүлдесін жеңіп алды. 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күресетін спортшы жеребе тарту нәтижесі бойынша бірден екінші айналымға шықты. Алғашқы кездесуінде ол Ирак балуаны Алькурайши Шихабты ұтты, екінші белдесуінде нидерландтық Элмонт Гюлаумнен басым түсті. Жартылай финалға жолдама алу үшін ол Сербия спортшысы Александр Куколжден жеңіліп, жұбаныш белдесуінде словакиялық Рандл…
15:47 | 27 наурыз 2015
Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай Астана қаласында жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен жарыс өткізілді. Оған қаланың дзюдо үйірмелері , спорт мектебі мен Ерейментау, Степногор, Мартыновка және Қарқаралы аудандарынан 200 –ге тарта спортшы қатысты.
15:33 | 27 наурыз 2015
Германияда жастар арасында өткен халықаралық жарыста Роза Духтурбаева (78 келіден жоғары ) қола медаль иегері атанды. Сонымен қатар, Жанар Қашқын 5-ші орынға тұрақтады. Спорт додасына 18 мемлекеттен 400 қыз қатысты.