Жаңалықтар
16:44 | 20 сәуір 2015
2015 жылдың 22 сәуірінде, сағат 11.00 -де, Астана қаласы, «Алау» мұзайдын сарайында «Дзюдо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі басшылығының қатысуымен баспасөз конференциясы өткізіледі. Баспасөз конференциясы барысында дзюдо федерациясы мен «KAZTICKET» ЖШС арасында әлем біріншілігіне билеттерді сату жөнінде келісім шартқа қол қойылады.
Сонымен қатар, баспасөз конференциясына қатысушылар тілшілер қауымын әлем біріншілігіне дайындық барысы жайлы хабардар етеді.
«Дзюдо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің баспасөз…
14:42 | 20 сәуір 2015
Кувейтте 13-15 мамыр аралығында өткізілетін Азия біріншілігіне бапкерлер құрамының шешімі бойынша төмендегі спортшылар қатысады:
Ерлер:
Елдос Сметов (60 келі, Тараз)
Елдос Жұмаханов (66 келі, Маңғыстау облысы)
Дастан Ыкыбаев (73 келі, ШҚО)
Азиз Қалқаманұлы (81 келі, Тараз)
Тимур Болат (90 келі, Астана)
Ислам Бозбаев (90 келі, Қарағанды)
Максим Раков (100 келі, Қарағанды)
Ержан Шынкеев (100 келіден жоғары, Қарағанды)
Қыздар:
Айгүл Байқұлова…
22:25 | 19 сәуір 2015
Санкт-Петербург (Ресей) қаласында өткен Еуропа Кубогында еліміздің жастар құрамасы бақ сынап, нәтижесінде Жақсыбек Жеңісбек (60 келі), Дидар Хамза (73 келі) және Еламан Ерғалиев (100 келіден жоғары) күміс медаль еншілесе, қыздардан Анна Старченко (57 келі) мен Назгүл Маратова (78 келіден жоғары) қола медаль иегерлері атанды.
14:10 | 17 сәуір 2015
17 сәуір күні ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті«Үздік салық төлеуші» және «Үздік сыртқы экономикалық қызметке қатысушы» сайыс жеңімпаздарын марапаттады. Дзюдо федерациясының даму жөніндегі директоры, Олимпиада жүлдегері Асхат Жіткеев салтанатты рәсімнің құрметті қонағы болды. Сонымен қатар, ол «Жалпыға ортақ салық төлеу режимі» номинациясы бойынша Қызылорда облысынан «НАЙ-МИР» ЖШС марапаттады.
14:26 | 13 сәуір 2015
8-9 сәуір аралығында халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) өкілдері Астана қаласының әлем біріншілігіне дайындық барысын пысықтады. Халықаралық федерацияның Президенттік кеңсесінің директоры Лариса Кисс бастаған топ ең алдымен «Алау» мұзайдын сарайында болды, мұнан соң әлем біріншілігіне тартылатын басқа да нысандарды аралады. Естеріңізге салайық, дзюдо күресінен әлем біріншілігі Астана қаласында 24-30 тамыз аралығында өткізіледі. Өткізілетін орны: «Алау» мұзайдыны, Есіл ауданы, Қабанбай батыр көшесі…