Жаңалықтар
11:36 | 27 сәуір 2015
Халықаралық дзюдо федерациясының сайтында (http://www.datastat.si/IJF_media/) Астанада 24-30 тамыз аралығында өткізілетін әлем біріншілігіне журналистерді тіркеу басталды. Жарыс өткізілетін «Алау» мұзайдыны сарайында тілшілер қауымы үшін баспасөз орталығы жұмыс істейтін болады.
12:07 | 26 сәуір 2015
23-25 сәуір аралығында Алматы қаласында "SportWay Expo, Almaty 2015" көрмесі өткізілді. Көрмеге келушілер әр спорт түрінің жетістіктері мен ерекшеліктерін және болашақ спортшыға тигізер пайдасын көруге мүмкіндік алды. Дзюдо федерациясы атынан көрме барысында әлем біріншілігі туралы ақпараттық ролик көрсетіліп, басқа да мәліметтер ұсынылды және спорт мектебінің дзюдошылары өз өнерлерін ортаға салды. Ал Олимпиада жүлдегері Асхат Жіткеев келушілерге қолтаңбасын беріп, естелік суретке…
10:29 | 24 сәуір 2015
www.kazticket.kz және www.worldjudo2015.kz сайттарында дзюдо күресінен әлем біріншілігіне билеттерді сату басталды. Естеріңізге салайық, дзюдо күресіненәлем біріншілігі Астана қаласында 24-30 тамыз аралығында өткізіледі. Өткізілетін орны: «Алау» мұз айдыны, Есіл ауданы, Қабанбай батыр көшесі 47.
Асығыңыздар, билеттер саны шектеулі!
13:50 | 23 сәуір 2015
Баку қаласында (Әзірбайжан ) 8- 10 мамыр аралығында өткізілетін «GRAND SLAM» жарысына бапкерлер құрамының шешімі бойынша төмендегі спортшылар қатысады:
Рустам Ыбраев (60 келі)
Асхат Тельманов (60 келі)
Ғабит Есімбетов (66 келі)
Ерасыл Сәкенұлы (66 келі)
Сұңғат Закарияев (81 келі)
Ринат Ибрагимов (81 келі)
Тимур Болат (90 келі)
Самат Есен (90 келі)
Виктор Демьяненко (100 келі)
Руслан Әбдіразақов (100 келіден жоғары)
14:22 | 22 сәуір 2015
Бүгін «Дзюдо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі мен «KAZTICKET» ЖШС арасында билеттерді сату жөнінде келісім шартқа қол қойылды. Билеттерді сату kazticket.kz және www.worldjudo2015.kz сайттары арқылы жүргізіледі.
Қазіргі таңда «KAZTICKET» ЖШС Астана қаласында, Конгресс-Холда, «Қазақстан» орталық концерт залында, М.Горький атындағы театрда өздерінің билет сататын агенттері бар және «Туран-18» бизнес орталығында жеке кассасы жұміс істейді.
Естеріңізге салайық, дзюдо күресінен әлем біріншілігі Астана қаласында…