Жаңалықтар
00:03 | 27 шілде 2015
25-26 шілде аралығында Прагада жастар арасында өткен Еуропа Кубогы мәресіне жетті. Қазақ құрамасы аталмыш жарыста жоғары көрсеткішке жетті. Атап айтқанда, Мағжан Шамшадин, Жақсыбек Женісбек алтын алса, Дидар Тәттібай мен Жанар Қашқын күмісті місе тұтты. Ал, Қанат Сейілхан мен Бауыржан Жауынтаев қолаға қол жеткізді. 6 медаль ұтқан қазақ спортшылары Бразилия мен Украинадан кейін командалық есепте үшінші орынға тұрақтады.
20:50 | 18 шілде 2015
Ресейдің Тюмень қаласында өтіп жатқан «GRAND SLAM» жарысының алғашқы күні қазақ құрамасының қоржыны бірден үш медальмен толықты. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Айбек Имашев пен Асхат Тельманов үшінші орын алса, 66 келіге дейінгі салмақта Ғабит Есімбетов ақтық кездесуде жапондық Томофуми Такаджодан ұтылып, күмісті қанжығасына байлады. Ертең жарыс жалғасады.
18:20 | 13 шілде 2015
18 – 19 шілде аралығында Тюмень қаласында (Ресей) «GRAND SLAM» жарысы өткізіледі. Оған еліміздің ерлер ұлттық құрамасының спортшылары қатысады. Бақ сынайтын спортшылар тізімі:
Айбек Имашев (60 келі)
Асхат Тельманов (60 келі)
Ғабит Есімбетов (66 келі)
Мейіржан Қалтаев (66 келі)
Қайрат Ағыбаев (73 келі)
Арман Махамбетов (81 келі)
Елдар Зәріпханов (81 келі)
Мақсат Исағабылов (90 келі)
Виктор Демьяненко (100 келі)
Айбек…
18:42 | 05 шілде 2015
Астана – халқымыздың мақтанышы, еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің нышаны іспеттес. Бір кездері шет аймақтағы қала қысқа тарихи кезең ішінде сан мыңдаған тұрғындары бар экономикалық және мәдени өмірдің орталығына айналды. Астана – әлем қалаларының ішіндегі әсем қалалардың бірі. Бүгінде елордамыз күн сайын көркейіп, қарыштап дамып келеді. Елордаға шетелден және өңірлерден келетін жұрт әрқашанда таңырқап қайтады. Бүгінде Астанаға келетін туристер саны да…
17:34 | 05 шілде 2015
Кванджуде (Корея) өтіп жатқан жазғы универсиада да 70 келі салмақта Жанар Қашқын қола медальді ұтып алды. Ол алдымен қырғызстандық Айжан Қайырбековадан басым түсіп, Тайпейлік Шан Люден жеңілді. Осыдан кейін жұбаныш белдесуінде моңғолдық Нямсурэн Ундрахзаяны, итальялық Ферари Валерияны ұтты. Ал, үшінші орынға кездесу кезінде ол Бразилия дзюдошысы Аманда Оливейрді жеңді. Ертең жарыс жалғасады.