Жаңалықтар

15:43 | 27 тамыз 2015
Сейсенбай Жанасылов, Қарағанды облысының Ағадыр кентіндегі Балалар мен жасөспірімдерспортмектебнің директоры: Астанада дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатына еліміздің әр өңірлерімен қатар, әлемнің түкпір-түкпірінен мамандар келіп тамашалауда. Осыған байланысты күн сайын әр салмақта өтіп жатқан кездесулерге шолу жасап, маман пікірін білген едік. Қарағанды облысыныңАғадыркентіндегі Балалар мен жасөспірімдерспортмектебініңдиректорыСейсенбай Жанасылов чемпионат жайлы өз ойын ортаға салды. - Сіздің ойыңызша біздің спортшылар өзін көрсете алды…
15:17 | 26 тамыз 2015
Әлем чемпионатының үшінші жарыс күнінде жартылай финалға жолдама алғандар мен жұбаныш белдесулеріне қатысатындар белгілі. Ерлер арасында 73 келіде жапон Шохей Оно мен Оңтүстік Кореядан келген Ан Чангрим өзара кездессе, екінші жартылай финалдық жұпты тағы бір жапон спортшысы Рики Накая мен солтүстік кореялық Кук Хен Хонг құрайды. Жұбаныш белдесулерінде венгриялық Миклош Унгвари мен моңғол Одбаяр Ганбаатар, және де израильдік Саги Муки…
18:24 | 25 тамыз 2015
Бүгін жанкүйерлер 66 келі салмақтағы спортшылардың кездесулеріне куә болды. Осы салмақта қазақ елінің намысын екі бірдей спортшымыз қорғаған еді. Алайда Азамат Мұқанов алғашқы кездесуінен сүрініп, жарысты жалғастыра алмады. Елдос Жұмаханов алдына жан салмады. Ол өзінің төрт кездесуінде де таза жеңіске қол жеткізіп, жартылай финалға жолдама алды. Алдымен кипрлік Андреас Крассосты, одан кейін тунистік Хусем Халфауиді, одан кейін ұлыбританиялық Колин Оатсты…
22:50 | 22 тамыз 2015
Ертең 23 тамыз күні сағат 14.30 «Риксос» қонақ үйінде Халықаралық дзюдо федерациясы басшылығының қатысуымен ресми баспасөз-конференциясы өткізіледі. Оған Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан дзюдо федерациясының басшылығы қатысады деп жоспарланған. Барлық журналистерді шараға қатысуға шақырамыз.
22:37 | 22 тамыз 2015
Астана қаласында өткізілетін әлем біріншілігіне журналистерді тіркеу 22 тамыз күні «Рамада» қонақ үйінде жүргізілді. Алайда тіркеу қағазын алып үлгермеген тілшілер «Алау» мұзайдыны сарайынан алып кете алатынын еске саламыз. Баспасөз орталығына кіру 24 тамыз күні көрермендер кіретін орталық есік арқылы жүргізіледі. Ақпарат орталығы: 8 701 506 9508; 8 701 506 9509

Әлеуметтік желідегі парақшалар