Жаңалықтар
10:00 | 31 желтоқсан 2021
Құрметті дзюдошылар, жаттықтырушылар және дзюдо жанашырлары!
Сіздерді өз атымнан және Қазақстан дзюдо федерациясының атынан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
2021 жыл бәріміз үшін оңай жыл болған жоқ. Десе де біз бірлігіміз бен мақсатқа деген айқын ұмтылысымызбен бір белесті бағындырдық деп ойлаймын. Әлемдік додаларда, Азия мен әлем чемпионаттарында, жылдың басты додасы саналған Олимпиада ойындарында ел намысын абыроймен қорғаған әрбір жанға,…
21:56 | 15 желтоқсан 2021
Құрметті дзюдошылар, жаттықтырушылар және дзюдо сүйер қауым!
Сіздерді Қазақстан дзюдо федерациясының атынан төл мерекеміз Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік - бізге бабалар аманаттаған асыл мұра, ең қымбат қазынамыз. Спортшылар ел қоржынына салған әрбір жүлдені тәуелсіздікке тарту деп білемін. Тәуелсіз елдің саңлақтары бұдан кейін де ел мерейін үстем етпек!
Еліміздің тұғыры берік, еңсесі биік болсын! Ата-баба аманатын арқалаған, бүгінімізді шуақты…
11:10 | 18 қараша 2021
Оралда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.
Ел біріншілігіне Қазақстанның 14 облысы және Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан 400-ден астам татами шебері қатысады деп жоспарлануда.
Жылдың маңызды додасы 19-21 қараша күндері Орал қаласында орналасқан "Теннис орталығы" спорт кешенінде өтеді.
Жарыс бағдарламасы
19 қараша
Жарыстың басталуы – 10:00
Әйелдер: -48 кг, -52 кг
Ерлер: -60 кг, -66 кг
20…
18:53 | 30 тамыз 2021
Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қайрат Қожамжаров Қазақстан Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаевты парадзюдошылардң Токиода сәтті өнер көрсетуімен құттықтады.
"Парадзюдодан Қазақстан Ұлттық құрамасының Паралимпиада ойындарындағы жоғарғы жетістігімен шын жүректен құттықтаймын! Біз әрбір дзюдошының Паралимпиададағы көрсеткен тарихи нәтижесіне тәнтіміз және қуаныштымыз! Мұндай жетістік Қазақстан дзюдо және парадзюдо тарихында бұрын соңды болмаған.
Осы орайда, осындай үлкен жетістік артында Сіздің және спортқа шын…
20:00 | 28 тамыз 2021
Құрметті Паралимпиадаға қатысушы дзюдошылар, сіздерді төртжылдықтың басты бәсекесі – Паралимпиада ойындарының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Паралимпиадаға дейінгі сіздер бағындырған белес, сіздер жүріп өткен жол – бізге үлгі. Табандылық, жанкештілік және қайсарлық әрқайсысыңыздың бойыңыздан табылатын туабіткен қасиет.
Токио татамиі олимпиадашы-дзюдошыларымызға қола сыйлады. Осы орайда, Сіздер жеңісті жолды жалғастырып, Қазақ елін қуанышқа бөлейсіздер деп сенемін.
Кіл мықтылар арасынан іркілмей іріктеліп шыққан 6…