Жаңалықтар
22:24 | 08 қараша 2015
Құрметті дзюдо сүйер қауым! Еліміздің дзюдо күресінен ұлттық құрама командасының мүшесі Руслан Әбдіразақов үйленді. Жас шаңырақты үйлену тойларымен құттықтаймыз, жас отбасына береке мен бірлік, қуаныш тілейміз!
16:01 | 05 қараша 2015
Бүгін дзюдо күресінен қазақ құрамасының беделді мүшелерінің бірі Дастан Ықыбаевтың туған күні. Дастан сені дзюдо федерациясы ұжымының атынан туған күніңмен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда жеңіс, әр бастамаңа жеміс тілейміз!
13:43 | 31 қазан 2015
Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу – Даби қаласында өтіп жатқан «Grand - Slam» жарысының алғашқы күні Рустам Ыбраев қола медаль олжалағаны белгілі. Ал, екінші күні қазақ құрамасына жеңіске жету мүмкін болмады, ал бүгін татамиге Самат Есен, Максим Раков, Ержан Шынкеев, Гүлжан Иаснова шығатын болады.
Жеңіске бірге жетейік, саңлақтарымызға қолдау көрсетіңіздер! Тікелей эфир - www.ippon.tv.
10:37 | 30 қазан 2015
«Дзюдо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұжымы, федерацияның атқарушы директоры Жылқыбаев Самат Сабитұлын туған күнімен құттықтайды! Ұжым атынан сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жұмысыңызға жеміс, отбасына амандық тілейміз! Дзюдо күресін дамыту жолындағы еңбегіңіз өз жемісін бере берсін, саңлақтарымыз жеңіс тұғырларынан көрінсін!
21:46 | 28 қазан 2015
Бүгін Астана халықаралық әуежайында дзюдо күресінің жанкүйерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері әлем бірнішілігіне қатысып келген жастар құрамасын салтанатты түрде қарсы алды.
Естеріңізге салайық, жарыс қорытындысы бойынша 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мағжан Шәмшәдин әлем чемпионы атанды, ал 100 келіге дейінгі салмақта Никита Азаров жарыстың қола жүлдесін жеңіп алды. Сонымен қатар, 73 келіде Дидар Хамза мен қыздар арасында 57 келіге…