Жаңалықтар
20:49 | 16 сәуір 2016
Азия біріншілігінің екінші күні қазақ құрамасының қоржыны тағы 4 марапатпен толықты. Қола жүлдені Азиз Қалқаманұлы, Максим Раков пен Ержан Шынкеев қанжығасына байласа, Гүлжан Исанова күмісті ұтып алды. Ертең командалық сайыс. Екінші күннің қорытындысы бойынша ел құрамасы медаль қоры бойынша үшінші орында тұр.
22:38 | 15 сәуір 2016
Павлодарда өтіп жатқан
Б. Сейсенбаевты еске алуға арналған халықаралық турнирдің бірінші күнгі нәтижелері:
48 келі
1-орын — Төреғожина Әйгерім (Қарағанды)
2-орын – Иманғалиева Меруерт (ШҚО)
3-орын – Сайыл Ұлдана (ОҚО), Нармантаева Гүлфайруз (Қызылорда)
52 келі
1 орын — Бақыт Қымбат (Қарағанды)
2 орын – Амантурова Назима (Қырғызстан)
3 орын – Тілеумұратова Диана (Қызылорда), Тұмарбаева Дания (Алматы облысы)
57 келі
1…
21:11 | 15 сәуір 2016
Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында Азия біріншілігі басталды. 48 келі салмақта Отгонцэгцэг Галбадрах алтын алды. Ақтық кездесуде ол өзінің басты қарсыластарының бірі ретінде есептелетін әлемдік рейтингтің көшін бастап тұрған моңғолдық Мунхбат Уранцегцегті жеңді.
Ал, Мариан Ордабаева 63 келіге дейінгі салмақта ақтық сында жапон балуанын жеңіп, Азия чемпионы атанды.
Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Елдос Сметов жеңіске жетті. Финалда Елдос…
17:30 | 15 сәуір 2016
Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатының бірінші күнінде 6 салмақ бойынша 10 спортшымыз бақтарын сынады.
Өкінішке орай, Жансай Смағұлов ( 66 кг), Ленария Мингазова (52 кг), Назгүл Құбашева (57 кг) жарыс жолынан шығып қалды.
Рустам Ибраев (60 кг), Елдос Жұмаханов (66 кг), Ықыбаев Дастан (73 кг) қола жүлдеге таласатын болады. Александра Подрядова жұбаныш белдесуіне шықпақ.
Галбадрах Отгонцецег (60 кг) жартылай финалға…
15:57 | 15 сәуір 2016
«Kazsport» телеарнасы 15-17 сәуір күндері Ташкент қаласында өтетін дзюдодан Азия чемпионатын көрсетеді. Аталмыш турнирде Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарының лицензиялары сарапқа салынады.
Қазақстан құрамасының бапкерлері Өзбекстан астанасында өтері жарысқа команданың таңдаулы құрамын қосады. Атап айтсақ, ел намысын қорғайтын спортшылар арасында 2015 жылғы әлем чемпионы Елдос Сметов, 2009 жылғы әлем чемпионы Максим Раков, 2015 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Рүстем Ыбыраев және…