Жаңалықтар

12:13 | 17 мамыр 2016
Ермек Әбуұлы Гран При жарысы қалай өтті, спортшылардың жетістігі көңіліңізден шықты ма? -Әрине, Гран При жарысына көңілім толды. Біз ойлаған межемізге жеттік. Атап айтканда, біздің мақсатымыз 4 медаль алу болатын. Біз ол мақсатты артығымен орындадық. Дегенмен әттеген-ай деген тұстар болды. Азамат Мұқановтың медаль үшін сынға түскенде жасаған қателігі оны жарыстан шығаруға түрткі болды. Бұл жарыс Олимпиада жолына соңғы жарыс болатын.…
13:40 | 16 мамыр 2016
Алматыда өткен Гран При жарысының аясында ұлттық құрама дзюдошылары Максим Раков пен Елдос Сметов «Қайрат» ФК-ның капитаны Бауыржан Исламхан мен шабуылшысы Андрей Аршавинге аты-жөндері жазылған кимоно сыйлады. Кездесу барысында спортшылар келесідей пікірлерімен бөлісті: Бауыржан Исламхан: -«Мен спорттың бұл түрін өте қатты сыйлаймын, құрметтеймін. Қазақстандық дзюдошыларымыздың жетістіктерін естігенде қуанып жатамыз. Өз өңірімнен шыққан атақты дзюдошы Елдос Сметовты көргеніме қуаныштымын. Елдоспен қатар,…
18:48 | 15 мамыр 2016
13 мамыр Алматыда еліміздегі тұңғыш дзюдо Академиясының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Мұхамедиұлы Арыстанбек, Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек, Халықаралық Дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Данияр Абылғазин және ҚР Дзюдо федерациясының президенті Кеңес Рақышев қатысты. Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек: «Халықаралық стандартқа сай салынған академияның біздің елімізде…
17:58 | 15 мамыр 2016
Жарыстың үшінші күні қазақ құрамасынан ерлер арасында 90 келіде Дәулетхан Жақыпов көрермендер көзайымына айналды, ол қола жүлдеге жақын еді, алайда словениялық Михайл Зганкқа ұтылып бесінші орынға тұрақтады.Ал, қыздар арасында 78 келіге дейінгі салмақта Альбина Амангельдиева күміс жүлдегер атанды.
15:50 | 15 мамыр 2016
«Grand Prix» жарысының үшінші күнінде бес салмақ бойынша (- 78, + 78, -90, - 100, + 100 ) балуандар күресіп жатыр. Жалпы Қазақстан құрамасынан бүгін 16 спортшымыз татамиге шығып, Амангельдиева Альбина (-78 келі) мен Дәулетхан Жақыпов (-90 келі) жақсы нәтиже көрсетті. Жұбаныш белдесуінде Гүлжан Исанова ереже бұзғаны үшін жарыстан шығарылды. Ақтық сында Амангельдиева Альбина алтын үшін қытайлық балуан Жанг Жехунмен…

Әлеуметтік желідегі парақшалар