Жаңалықтар
14:11 | 04 тамыз 2022
Елордада дзюдодан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Әйелдер арасында 48 келіде белдескен қазақстандық Абиба Абужақынова финалға жолдама алды.
Ол жартылай финалда Наранцэцэг Ганбаатарды голден скорда жеңді. Отандасымыз финалда жапониялық балуан Уакана Когамен кездеседі.
Финалдық белдесулер елорда уақытымен сағат 17:00-де басталады.
Айта кетерлігі, Азия чемпионаты Нұр-Сұлтандағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатыр.
Дзюдодан Азия чемпионаты отандық «Qazsport» арнасынан тікелей эфирде көрсетуде.…
12:31 | 04 тамыз 2022
Нұр-Cұлтанда дзюдодан Азия чемпионаты басталды. Құрлықтық біріншіліктің алғашқы жарыс күнінде татамиге ерлерден 60, 66, ал әйелдер арасында 48, 52 және 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі дзюдошылар үздіктерді анықтайды.
Қазақстан сапынан бүгін жарыс жолына 60 келіде Мағжан Шамшадин мен Бауыржан Нарбаев, 66 келіде Ғұсман Қырғызбаев ел намысын қорғайды. Ал әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Абиба Абужақынова мен Ғалия Тынбаева,…
02:59 | 04 тамыз 2022
Бүгін, 4 тамыз күні елордада дзюдодан Азия чемпионаты басталады. 7 тамызға дейін Азияның 19 елінен жиналған 200-ге жуық спортшы өзара мықтыны анықтайды.
Жарыс кестесі келесідей:
4 тамыз
Әйелдер:-48 кг, -52 кг, -57кг; Ерлер:-60 кг, -66 кг
11:00 - Жарыстың басталуы
16:30 - Жарыстың ресми ашылу салтанаты
17:00 - Финал
5 тамыз
Әйелдер:-63 кг,-70 кг; Ерлер:-73 кг, -81 кг
12:00 -…
20:51 | 03 тамыз 2022
Дзюдодан Қазақстан құрамасы Азия чемпионаты алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиындарын аяқтап, Нұр-Сұлтанға келді. Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменовтың айтуынша, Азия чемпионатына қатысатын құрам жарысқа тас түйін дайын. Бас бапкер оқу-жаттығу жиынын қорытындылап, Азия чемпионатына спортшылардың қалай іріктелгенін түсіндіре кетті. Сонымен қатар, құрама көшбасшысы Елдос Сметовтың Азия чемпионатына қатыспау себебін айтты.
«Азия чемпионаты алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиындарын сәтті өткіздік. Спортшыларымызды…
16:24 | 03 тамыз 2022
Дзюдодан Нұр-Сұлтанда өтетін Азия чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтті. Нәтижесінде Құрлықтық бәсекеде белдесетін балуандардың алғашқы қарсыластары анықталды. Кіл мықтыны анықтайтын додада Азияның 19 елінен 200-ге жуық спортшы өзара бақ сынаспақ.
Азия чемпионаты 4 тамыз күні сағат 11:00-де басталады. Жарыстың алғашқы күнінде татамиге ерлерден 60, 66, ал әйелдер арасында 48, 52 және 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі дзюдошылар үздіктерді анықтайды.
Екінші…