Жаңалықтар
17:45 | 16 қазан 2016
Азия дзюдо федерациясы аясында Қазақстан дзюдо федерациясының ұйымдастыруымен Қарағандыда 14-15 қазан күндері дзюдодан халықаралық турнир өтті. Турнирге қазақстандық дзюдошылармен қатар, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызcтан және Тәжікстан Республикасының спортшылары қатысып, бақ сынады.
Екі күнге созылған турнир нәтижесі келесідей:
Қыздар:
48 кг:
1 орын – Тынбаева Ғалия (Қазақстан)
2 орын – Баукен Айдана (Қазақстан)
3 орын – Ералиева Нұрсұлу (Қазақстан)
52 кг:…
11:25 | 12 қазан 2016
14-16 қазан «Жастар» спорт кешенінде дзюдодан 1996-97 жылғы жастар арасында халықаралық турнир өтеді. Аталмыш турнирге қазақстандық спортшылармен қатар Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінің дзюдошылары қатысады.
Жарыстың басталу уақыты: 10:00
14 қазан
Ұлдар: -55 кг,-60 кг, -66 кг, -73 кг
Қыздар:- 44, -48, -52, -57 кг
15 қазан
Ұлдар: -81 кг,- 90кг, - 100 кг, +100 кг
Қыздар: - 60,…
12:20 | 28 қыркүйек 2016
Алматыда жаңадан ашылған дзюдо академиясы жаңа маусымдағы жұмысын бастайды. 19-20 қазанда Жапониядан келген мамандар қатысуымен жастарға арналған семинар өтеді. Екі күн ішінде шетелдік мамандар теория мен практиканы ұштастырып, қазақстандық жас спортшылардың біліктілігін арттырады. «Академияда оқу-жаттығуларымен қатар, шетелдік мамандармен бірлесе отырып, халықаралық шеберлік сабақтары да өтеді» деген болатын Қазақстан Дзюдо федерациясының бірінші вице-президенті Марат Мықтыбеков Дзюдо академиясы ашылған сәтте.
20:49 | 27 қыркүйек 2016
Қазанның 13-16 күндері 1996-1997 жылы туған жастар арасында халықаралық турнир өтеді. Сонымен қатар,10-13 қазан аралығында Азия дзюдо федерациясының бастауымен төрешілер арасында «Сontinental» және «International» санаты бойынша емтихандық семинар болады деп жоспарланған. Жастар арасындағы турнир Қарағанды қаласындағы «Жастар» спорт кешенінде 13 қазан сағат 10.00-де басталады. Туринрге бір салмақ дәрежесінде шет елдік құрамалар 4 спортшыдан, Қазақстандық командалар 7 спортшыдан қатыстыра алады.
19:50 | 27 қыркүйек 2016
Қазанның 28-30 аралығында БАӘ астанасы Әбу-Дабиде «Grand Slam» турнирі өткізілмек. Қазақстандық дзюдошыларды Дашжамтс Энхбаатар, Донбай Базарбек, Ибрагим Вешагуров, Марат Файзиев, Талап Мұқанов сынды бапкерлер бастап барады. Турнирге Қазақстан құрамасынан 10 спортшы қатыстырылады деп жоспарлануда. Олар:
1) Мағжан Шамшидин (60 кг)
2) Азамат Мұқанов (66 кг)
3) Асхат Тельманов (66 кг)
4) Дидар Хамза (73 кг)
5) Арман Махамбетов (81кг)
6)…