Жаңалықтар
13:25 | 28 қазан 2016
Қазақстанда Конфедерация Кубогы жарысы жалғасуда. 30 қазанда «Тараз Арена» спорт сарайында «D» тобының іріктеу кезеңі өтеді. Жамбыл, Маңғыстау, Атырау және Ақтөбе облыстарының құрамалары грек-рим және еркін күрес, дзюдо, таеквондодан финалдық кезең жолдамасын сарапқа салады.
Жарысқа танымал спортшылардың қатысуы күтілуде. Командалардың турниге қатысшуылар тізімінде еркін күрестен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров, Рио Олимпиадасына қатысушы Нұрислам Санаев, Азия чемпионатының жүлдегері Жігер…
09:08 | 28 қазан 2016
Бүгін, 28 қазан - халықаралық дзюдо күні! Барлық татами шеберлерін айтулы мерекемен Қазақстан Дзюдо федерациясы құттықтайды!
1860 жылы 28 қазан күні дзюдоның негізін қалаушы - Дзигоро Кано дүниеге келген еді. Осыған байланысты халықаралық дзюдо федерациясы осы күнді 2011 жылы мереке ретінде белгілеген болатын. Осы мерекеге орай дзюдо федерациясының ұжымы атынан барлықтарыңызға жарыс жолында жеңістер, отбасыларыңызға береке, мықты денсаулық тілейміз!
17:53 | 27 қазан 2016
Бүгін, 27 қазан Абу-Дабиде халықаралық «Үлкен дулыға» турнирінің жеребесі тартылды. Әлемнің 33 елінен келген 200-ге жуық спортшы 14 салмақ дәрежесінде (ерлер – 7, әйелдер – 7) бақ сынайды.
Ертең, 28 қазанда 5 түрлі салмақ дәрежесінде дзюдошылар татамиге шығады:
48 кг: Отгонцэцэг Галбадрах
60 кг: Мағжан Шамшадин
66 кг: Азамат Мұқанов
66 кг: асхат Тельманов
Жарыс Астана уақытымен сағат 11:00-де басталады.…
18:17 | 24 қазан 2016
Бүгін Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэгтің жеке бапкері Энхбаатар Дашжамцтың туған күні. Қазақстан Дзюдо федерациясы Энхбаатар Дашжамцты туған күнімен құттықтайды! Деніне саулық, отбасына амандық, спорт жолында толағай табыстар тілейміз!
20:23 | 23 қазан 2016
Қызылордада 22-23 қазан күндері өткен Б.Сүлейменовты еске алуға арналған Халықаралық турнир аяқталды. Турнирде Қазақстанмен қатар, Қырғызстан және Өзбекстандық дзюдошылар күш сынасты. Жарыста жалпы 8 салмақ (ұлдар және әйелдер) дәрежесінде 300-ге жуық дзюдошы белдесті.
Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлер тізімі (қыздар):
44 келі:
I орын Адия Сайын (Қызылорда обл.)
II орын Әсем Берік (ОҚО)
III орын Ұлназ Ермахан (ОҚО)
III орын Фариза…