Жаңалықтар

22:11 | 29 қазан 2016
БАӘ астанасы Абу-Дабиде өтіп жатқан халықаралық «Grand Slam» турнирінің екінші күнінде Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды. 81 келі салмақ дәрежесінде татамиге шыққан Әділет Миссин алғашқы айналымда Молдова спортшысы Никон Заборощуктен иппонмен жеңіліп, жарысты аяқтады. Дәл осы салмақта белдескен екінші балуанымыз Дидар Хамза нәтижелі күресіп, жүлделі бесінші орыннан көрінді. Ол алғашқы кездесуінде Досен Божанмен белдесіп, иппон ұпайын иеленді. Екінші айналымда отандасымыз чех…
17:00 | 29 қазан 2016
Абу Дабиде өтіп жатқан халықаралық «Grand Slam» турнирінің екінші күні басталды. Жарыстың екінші күнінде татамиге екі қазақстандық спортшы шықты. 81 келіде белдескен Әділет Миссин алғашқы айналымнан сүрінсе, осы салмақ дәрежесінде екінші дзюдошымыз Дидар Хамза қола үшін белдесетін болады. Ол алғашқы кездесуінде Досен Божанмен белдесіп, иппон ұайын иеленді. Екінші айналымда отандасымыз чех балуаны Мусил Жаромирді де таза жеңіп, ширек финалға шықты.…
00:06 | 29 қазан 2016
Абу Дабиде өтіп жатқан халықаралық «Grand Slam» турнирінде Қазақстан спортшылары 1 алтын, 1 күміс медальға ие болды. 48 келі салмақта алтынды Отгонцэцэг Галбадрах еншілесе, ерлерден 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азамат Мұқанов күмісті місе тұтты. 33 елден 200-ге жуық дзюдошы қатысып жатқан турнирде Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнінде командалық есепте медаль саны бойынша ІІ орынға жайғасты. 48 келіге дейінгі салмақ…
20:45 | 28 қазан 2016
Абу-Дабиде өтіп жатқан халықаралық «Grand Slam» турнирінде 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде отандасымыз Азамат Мұқанов сәтті өнер көрсетті. Алғашқы қарсыласы алаң иесі Алхосами Халифаны, одан кейінгі кездесуінде бразилиялық балуан Шибана Чарльзды иппон ұпайымен жеңіп, жартылай финалға жолдама алған болатын. Финалға жолдама берілетін маңызды белдесуде жерлесіміз Олейник Сергюден 1 варази басым түсті. Ақтық финалда реcейлік Шамилов Якубпен белдесіп, Азамат Мұқанов күмісті…
19:22 | 28 қазан 2016
Галбадрах Отгонцэцэг Абу-Дабиде өтіп жатқан халықаралық «Үлкен Дулыға» турнирінің жеңімпазы атанды. 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесетін отандасымыз бірінші айналымда Коршер Сефораны (Франция), жартылай финалда испан қызы Юлия Фигуеродан басым түсті. Ақтық сында Галбадрах Отгонцэцэг сербиялық бұрымды балуан Милиса Николикті иппон ұпайына ие болып, жарыс жеңімпазы атанды. Абу Дабиде өтіп жатқан халықаралық турнирге Қазақстан құрамасынан 7 спортшы қатысуда. Жарыстың алғашқы…

Әлеуметтік желідегі парақшалар