Жаңалықтар
19:17 | 13 мамыр 2024
19-24 мамыр аралығында Абу-Дабиде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді.
«Олимпиада жылы болғандықтан олимпиадалық рейтінгтік турнирлер арасы өте жақын. Спортшыларымыз соңғы мамыр айында үш маңызды жарысқа қатар дайындалды. Оның алдында Азия чемпионаты, Grand Slam жарыстары нәтижесінде әлем чемпионатына қатысатын құрам жасақталды. Қатысушылар арасында тәжірибелі спортшылар да, ересектерге енді ауысып жатқан жастар да бар.
Ал 60 келіге дейінгі салмақ…
19:52 | 12 мамыр 2024
Астанада дзюдодан әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысы өз мәресіне жетті. Бұл дода Парижде өтетін Олимпиада ойындарының қарсаңындағы соңғы Grand Slam кезеңі болатын.
Байрақты бәсеке 84 елдің 450 спортшысын Астана татамиінде жинады. Қазақстан құрамасы әлемдік додада 1 алтын, 3 қола жүлде еншілеп, жалпы командалық есепте үздік бестікті қорытындылады. Медаль кестесінде Қазақстан құрамасы Жапония, Италия, Қытай және Хорватия құрамасына жол берді.…
20:46 | 11 мамыр 2024
Қазақстан құрамасы дзюдодан Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam2024 әлемдік додасының екінші күнін екі қола жүлдемен аяқтады. Ерлер арасында Бақытжан Абдурахманов (-73 кг) пен Абылайхан Жұбаназар (81 кг) ел қоржынына екі қола жүлдені салды.
81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырына көтерілген Абылайхан үйдегі жарыстағы жанкүйер қолдауы ерекше екенін тілге тиек етті.
“Барша Қазақ еліне қолдауларыңыз үшін алғыс білдіремін.…
21:51 | 10 мамыр 2024
Бүгін Елорда төрінде Дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысы басталды. Жарыстың бірінші күнінде Қазақстан спортшылары екі жүлдеге ие болды.
Ғалия Тынбаева спорт мансабындағы әлемдік Grand Slam жарысыныңалғашқы алтын жүлдесін еншілесе, тәжірибелі Елдос Сметов қола жүлдегер атанды.
«Бұл тек Ғалияның ғана емес, бүкіл қазақ спортының, бүкіл елдің жеңісі! Мен спортшыларымыздың нәтижелеріне өте қуаныштымын және мақтанамын! Біз үшін маңызды турнирдің алғашқы күнінде-ақ…
18:04 | 10 мамыр 2024
Астана өтіп жатқан дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Елдос Сметов қола жүлдеге қол жеткізді.
Шешуші белдесуді отандасымыз Әзірбайжан спортшысы Ахмад Юсифовпен өткізді.
Үшінші орын үшін Елдос Сметовқа әлемдік рейтингте 500 ұпай қосылады.
Бұл Қазақстан қоржынына түскен екінші жүлде. Бүгінгі әйелдер арасындағы 48 келіге дейінгі бәсекеде Ғалия Тынбаева чемпион атанған болатын.
Естеріңізге сала…
