Жаңалықтар
23:12 | 07 сәуір 2017
Анталияда дзюдодан халықаралық «Grand Prix» турнирінің бірінші күні аяқталды. Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнінде екі алтын медальмен 34 ел ішінде бірінші орында тұр.
48 келіге дейінгі салмақта Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанған Галбадрах Отгонцэцэг түрік татамиінде ел намысын абыроймен қорғады. Ол бірінші кездесуінде түркиялық Сентур Гулькадерді иппонмен жеңсе, жартылай финалда Ресей спортшысы Гилязова Сабинаны вазари ұпайымен жеңіп, финалға жолдама алды.…
20:43 | 07 сәуір 2017
Түркияның Анталия қаласында дзюдодан Гран При турнирі өтіп жатыр. 60 келідеге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен балуандар арасында мықтылар анықталды. Отандасымыз Ғұсман Қырғызбаев Қазақстан қоржынына екінші алтын жүлдені салды. Ол алғашқы айналымда Батыр Грубаниязовтан вазари ұпайымен басым түсіп, екінші белдесуінде моңғол спортшысы Баяра Амартувшинді иппон ұпаймен ұтты. Жартылай финалда тайпейлік Янг Юнг Уэйді иппонмен ұтқан Қырғызбаев финалда түркиялық Өзлу Бекирді голден…
20:30 | 07 сәуір 2017
Түркияның Анталия қаласында дзюдодан Гран При турнирі өтіп жатыр. 48 келідеге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен бұрымды балуандар арасында мықтылар анықталды.
Дәл осы салмақта финалға шыққан отандасымыз Галбадрах Отгонцэцэг қарсыласы Ришони Шираны (Израиль) вазари ұпайымен жеңіп, Гран При турнирінің жеңімпазы атанды.
Ол жарысқа екінші айналымда қосылып, алғашқы белдесінде түркиялық Сентур Гулькадерді иппонмен жеңсе, жартылай финалда Ресей спортшысы Сабина Гилязованы вазари ұпайымен…
18:16 | 07 сәуір 2017
Түркияның Анталия қаласында дзюдодан Гран При турнирі өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасынан 5 салмақ дәрежесінен 7 дзюдошы қатысып, оның 4-еуі нәтижелі күрес көрсетті.
Галбадрах Отгонцэцэг (48 кг) пен Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) ақтық финалға жолдама алса, Севара Нышанбаева (57 кг) мен Азамат Мұқанов (66 кг) қола үшін күресуге мүмкіндік алды.
Финалдық кездесулерді «КazSport» арнасы Астана уақытымен сағат 20.00-де…
09:59 | 06 сәуір 2017
6 сәуір - бейбітшілік пен даму үшін халықаралық спорт күні. Спорттағы тазалықты қолдау мақсатында #Whitecard флешмобы ұйымдастырылады. Акцияға қатысушылар ақ қағазбен фотоға түседі. Себебі, қызыл қағаз ереже бұзған жағдайда көрсетілсе, ақ қағаз спорттағы бейбітшілік пен тазалықты білдіреді.




