Жаңалықтар
09:16 | 26 қаңтар 2023
Жаңа маусымның алғашқы жарысы Португалияның Алмада қаласында 27-29 қаңтар күндері өтеді. Аталған жарысқа әлемнің 81 елінен 500-ден астам дзюдошы қатысады деп жоспарланған.
Алмада татамиінде Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар тізімі келесідей:
Ерлер:
60 келі: Қанат Сейілхан, Мағжан Шамшадин
66 келі: Айболат Ыстыбай, Сұңғат Жұбатқан
73 келі: Жансай Смағұлов, Аңсарбек Ғайнуллин
81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Бекәділ Шаймерден
90 келі: Дидар Хамза, Ерасыл…
11:22 | 20 қаңтар 2023
Дзюдо федерациясы 2022 жылы ең үздік нәтиже көрсеткен осы спорт түрінің қазақстандық өкілдеріне 4 миллион теңгегедейінгі сомаға сыйлық сертификаттарын табыс етті.
Өткен жыл отандық дзюдошылар үшінсәтті болды. Қазан айында Ташкентте өткен әлем чемпионатында қазақстандықтар екі қола жүлдеге ие болды. Елдос Сметов ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынға табан тіресе, Әбиба Әбужақынова әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ…
19:29 | 10 қаңтар 2023
Франциялық аңыз дзюдошы Тедди Ринер Қазақстанда оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.
Дзюдодан Қазақстан ерлер және әйелдер ұлттық құрама командалары жаңа маусымды бастады. Жылдың алғашқы оқу-жаттығу жиындарын қос құрама Алматы қаласы және Алматы облысында өткізіп жатыр.
Аталған жаттығу жиыны Франция дзюдо федерациясымен бірлескен оқу-жаттығу жиыны болып саналады. Отандық дзюдошылардың шеберлігін шыңдау және тәжірибе алмасу мақсатында үш дүркін Олимпиада чемпионы, 11 дүркін әлем…
17:25 | 02 желтоқсан 2022
2 желтоқсан күні Астанада Қазақстан дзюдо федерациясының кезекті конференциясы өтті. Шарада осы спорттың бір жылғы жұмысы қорытындыланып, саланың аймақтағы жай-күйі мен дамуы барысы туралы есеп тыңдалды. Конференция барысында Қазақстан дзюдо федерациясының президенті лауазымына «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасыҚуанышбек Есекеев сайланды.
Жиынға ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат…
20:36 | 28 қараша 2022
Алматыда дзюдодан жаттықтырушыларға арналған семинар өз мәресіне жетті.
Алматыда Дзюдо академиясының базасында франциялық маман Стефан Треноттың жетекшілігімен жаттықтырушыларға арналған біліктілікті арттыру семинары өтті.
Мастер классқа Қазақстанның барлық 20 облысынан 95 жаттықтырушы қатысты.
Семинарда балаларды, жастарды және жасөспірімдерді жаттықтыру, жас ерекшеліктеріне қарай физикалық дайындау түрлері бойынша қамтылады.
Спортты қолдау «Sport Qory» шараның ресми бас серіктесі болып табылады.