Жаңалықтар

18:40 | 10 мамыр 2025
Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар (-81кг) елордада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Отандасымыз қола жүлде үшін өткен шешуші белдесуде италиялық Мануэль Парлатиді 29 секундта жеңіп, ел қоржынына алтыншы медальды салды. Естеріңізге сала кетсек, жарыстың бірінші күні Қазақстан сапынан Ғұсман Қырғызбаев пен Талғат Орынбасар күміс жүлдегер атанса, Аман Бақытжан мен Мағжан Шамшадин қола медаль еншілеген…
17:49 | 10 мамыр 2025
Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық турнирінің екінші жарыс күнінде қазақстандық дзюдошы Есет Қуанов 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды. Жарыс жолында Қуанов тартысты белдесулер өткізіп, үшінші орын үшін өткен кездесуде Грузия өкілі Михейли Бахбахашвилиден басым түсті. Бұл — Қазақстан құрамасының қоржынындағы бесінші медаль. Бүгін сондай-ақ 81 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жұбаназар қола жүлде үшін күресетін болады. Қазақстан…
19:05 | 09 мамыр 2025
Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 турнирінде 66 келіге дейінгі салмақта күміс медаль иеленді. Финалда ол Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) атынан сынға түскен Рамазан Абдуллаевқа есе жіберді. Айта кетсек, бұл спортшымыздың Париж Олимпиадасынан кейінгі 10 айлық үзілістен соң қатысқан алғашқы жарысы. Бірінші жарыс күнінің нәтижесінде Қазақстан құрамасының қоржынына төрт жүлде түсті. Қазақстан…
17:55 | 09 мамыр 2025
Астанада дзюдодан әлемдік «Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025» додасының алғашқы жарыс күні өтті. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін сүрінбей жеткен қазақстандық спортшы Талғат Орынбасар IJF өкілі Изнаур Сааевқа жол беріп, күміс медаль иеленді. Финалға дейін Талғат бес қарсыласын, соның ішінде отандасымыз Аман Бақытжанды да сенімді түрде жеңіп, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Осылайша, бүгін спортшыларымыз 60 келіде үш жүлде…
17:42 | 09 мамыр 2025
Сенсация жасаған Аман Бақытжан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының қола жүлдегері атанды. 60 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған жас спортшымыз Аман Бақытжан Оңтүстік Корея спортшысы Ли Харимды жеңіп, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Бүгінгі жарыста Аман турнирдің фавориті болған Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Янг Юнвэйды (Тайпэй) жеңіп, нағыз сенсация жасады. Бұл 21 жастағы Аманның мансабындағы алғашқы Grand Slam жарысы. Қазақстан…

Әлеуметтік желідегі парақшалар