Дзюдо академиясын пайдалануға беру мамыр айына жоспарланған

12:06 | 08 сәуір 2016

Жаңа дзюдо академиясы барлық халықаралық талаптарға сай болады. Спорт кешенінде 4 татамиге арналған зал, тренажер залы, 100 адамға арналған жатақхана мен асхана орналасады. Оның ішінде Қазақстан ұлттық құрамасының ғана спортшылары емес, осы спортқа енді қызығушылық танытқан жеткіншектер де жаттығатын болады. Сонымен қатар, академия аясында халықаралық дәрежеде оқу-жаттығулар, шетелдік мамандардың қатысуымен семинарлар мен шеберлік сабақтарын ұйымдастыру көзделген.

Естеріңізге салайық, құрылыстың алғашқы тасын қалауға Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер мен Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Кеңес Рақышев қатысқан болатын. Академияның салтанатты түрде ашылу рәсімін Алматы қаласында 13 - 15 мамыр аралығында өткізілетін «Grand Prix» жарысының аясында өткізу жоспарланған.

Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер мен Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Кеңес Рақышев қатысады деп жоспарланып отыр.

Салтанатты ашылу рәсімінің өтетін күні мен уақытын қосымша хабарлаймыз.

«ФЕДЕРАЦИЯ ДЗЮДО» РҚБ БАСПАСӨЗ ХАТШЫЛЫҒЫ

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар