Галбадрах Отгонцецег «Grand Prix» жарысының жеңімпазы
23:46 | 01 сәуір 2016
Түркияның Самсун қаласында өткізілген «Grand Prix» жарысына қатысқан спортшыларымыздың ішінен Галбадрах Отгонцецег бірінші орын алды. Оған қарсылас шақ келмеді. Әсіресе ақтық кездесуде татами иесіне қарсы әдемі әдіс жасап, көрермендердің көзайымы атанды.
Сонымен қатар, осы жарыста 60 келі салмақта Асхат Тельманов жүлдеге жақын еді. Алайда жеңіс тұғырынан көріне алмағанымен, жетінші орынға табан тіреді. Жарыс қорытындысы бойынша Самат Есен мен Максим Раковта жетінші орынға тұрақтады. Алайда Максим Раков өзіне берілген ескертумен келіскен жоқ, татами төрінде төрешілерге көңілі толмайтындай сыңай танытты. Дегенмен осы дзюдошыларымыз 48 ұпайдан иеленді. Ал, Азамат Мұқанов бесінші орын алып, 60 ұпай еншіледі.
0 пікірлер