Жансай жарады!

20:33 | 25 наурыз 2016

Жансай Смағұлов алдымен татами иесі Грузия дзюдошысы Гела Келихашвилиді, одан кейін Украина спортшысы Геворг Хачатрянды ұтты, бірақ италия балуаны Фабио Басилға есе жіберіп, жұбаныш белдесуінде португалиялық Сергио Олейникті жеңді. Осылайша үшінші орынға бақ сынауға мүмкіндік алып, қола медаль үшін израильдық Тал Фликерді ұтып, үшінші орын алды.

Елдос Жұмаханов бельгиялық Кеннет Ван Гансбекті, одан кейін португалиялық Сергио Олейникті ұтты. Алайда ақтық сынға жолдама үшін өткізген белдесуінде Италия өкілі Фабио Басилға есе жіберіп, үшінші орын үшін кездесуінде түрік спортшысы Синан Сандалға жеңілді. Нәтижесінде тек бесінші орынға табан тіреді.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар