​Ташкенттегі Гран-при: Қыздарымыз тағы бір медаль жеңіп алды!

18:32 | 05 қазан 2013

Қазақстандық дзюдошы қыз Назгүл Кубашева (57 кг) Ташкентте дзюдодан өткен Әлемдік Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды.

Лицензиялық турнирдің екінші жарыс күні біздің Назгүлдің алаң иесі Шахноз Окбутаеваны жеңуінен басталды. Бірақ келесі кездесуде біздің қыз хорват дзюдошысы Андреа Бекичтен жеңіліп қалып, «жұбаныш кездесуіне» өтті. Онда Назгүл өзбек қызы Махлия Манонованы жеңсе, кіші финалда Израиль қызы Камила Минакаваны жеңді.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар