Галбадрах Отгонцецег «Grand-Slam» жарысында алтын алды
Қыздар арасында 48 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Галбадрах Отгонцецег өзінің нағыз бабында екенін көрсетті. Алдымен тунистік Саоди Олфаны жеңген ол, келесі кездесуінде 2014 жылдың әлем чепмпионы, Астанада өткен әлем біріншілігінің қола жүлдегері жапон балуаны Ами Кондоны ұтты. Үшінші айналымда кубалық Даярис Местре Альварестен басым түскен спортшымыз, бельгиялық мықты дзюдошы, 2012 жылдың жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Чарлайн Ван Сникті тізе бүктіртті. Ақтық сында жарыс жолында басты қарсыластарының бірі ретінде есептелетін 2013 жылдың әлем чемпионы Мунхбат Уранцецегтен айласын асырып, алтын медальға қол жеткізді.
Алайда ерлер арасында 60 және 66 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан жігіттер арасынан ешкім жартылай финалға жете аламады.
0 пікірлер