Ташкенттегі Гран-при турнирі. Жігерді құм еткен жеңілістер
Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Гран-при турнирінің екінші жарыс күні де бізге жеңіс әкелмеді. Ерлер арасындағы қорытынды нәтижелерді назарларыңызға ұсынамыз.
81 кг дейінгі салмақ санатында Қазақстан құрамасының атынан Батыр Мұқатаев пен Азамат Қыпшақбаев өнер көрсетті. Өкінішке орай, екі спортшы да бірінші кездесулерінде жеңіліп қалды. Батыр Мұқанов өзбек балуаны Шухротжон Арслановқа есе жіберсе, Азамат Қыпшақбаев австриялық Марсель Оттодан аса алмай қалды.
Біздің қосалқы құрама 90 кг дейінгі салмақ санатында қуанта қоймайды. Айбол Айтбек тәжік балуаны Комроншох Устопириеннен жеңілсе, Константин Рогозин Біріккен Араб Әмірліктерінің атынан өнер көрсеткен Иван Ремаренкодан жеңілді.
0 пікірлер