Талдықорғанда қысқы демалысқа арналған турнир өтті
21:43 | 17 қаңтар 2016
Қаңтар айының 14 мен 17 аралығында Талдықорған қаласында 2001 – 2002 жылы туған жасөспірімдер арасында «Қысқы демалысқа» арналған дәстүрлі ашық республикалық турнир өткізілді. Оған еліміздің өңірлері мен Қырғызстаннан келген командалар қатысты. Жарыс 17 салмақ дәрежесі бойынша өткізілді. Сонымен қатар, бүгін таңертеңнен кешке дейін спортшыларға арналған ашық жаттығу лагері ұйымдастырылып, оған 200-ге тарта дюдошы қатысты.
0 пікірлер