Ел дзюдошылары әлем рейтингінде бірнеше сатыға жоғарылады

17:00 | 28 желтоқсан 2015

Бүгінгі таңда Рио - де -Жанейро Олимпиадасына жолдама алу жолында қызу тартыс жүріп жатыр. Естеріңізге салайық, келер жылы халықаралық дзюдо федерациясының жарыс кестесіне сай лицензия алуға ұпай беретін бірқатар жарыстар өткізіледі. Лицензиялық жарыстар маусымның 1 –не дейін ұйымдастырылады, соңғысы – «Мастерс». Ережеге сай, әлем рейтингінде ерлер арасында алғашқы тұрған 22 спортшы мен қыздар арасында 14 дзюдошы Олимпиадаға жолдама алады. Осы ретте айта кеткен жөн, байрақты бәсекеге әр елден бір ғана спортшыдан қатыса алады, яғни рейтингте бір мемлекеттен екі балуанның қайсысы бір саты жоғары тұрса сол Олимпиадаға барады.

Бүгінгі таңда спортшыларымыздың әлем рейтингіндегі орны:

Ерлер:

60 келі

1.Сметов Елдос – 5 орын

2.Ыбраев Рустам – 8орын

66 келі

1.Смағұлов Жансай - 23орын

2.Жұмақанов Елдос – 29орын

3.Есімбетов Ғабит – 46 орын

4.Мұканов Азамат – 54 орын

73 келі

1.Ықыбаев Дастан – 41орын

2.Төренов Ертуған – 81 орын

81 келі

1.Қалқаманұлы Әзиз – 51 орын

90 келі

1.Болат Тимур – 81орын

100 келі

1.Раков Максим – 10 орын

+ 100 келі

1.Шынкеев Ержан – 48орын

2.Әбдіразақов Руслан – 74 орын

Қыздар құрамасы:

-48 келі

1. Галбадрах Отгонцецег – 22 орын

2. Подрядова Александра – 33 орын

52 келі

1.Мингазова Ленария – 42 орын

57 келі

Құбашева Назгүл

63 келі

1.Урдабаева Мариан – 31 орын

70 келі

1.Өмірәлиева Ділбар – 49 орын

78 келі

1.Амангельдиева Альбина – 45 орын

+78 келі

1.Исанова Гүлжан – 28 орын

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар