Максим Раков «Үлкен дулыға» жарасында бесінші орынға табан тіреді
Жапонияның астанасы Токио қаласында өткізіліп жатқан «Үлкен дулыға» жарысында 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Максим Раков бесінші орынға табан тіреді. Алдымен ол мексикалық Гарсио Сергионы, мұнан соң Бразилия балуаны Корреа Лусиано жеңді. Одан кейін француздық Маре Сирильмен кездесіп, жеңіліс тапты. Алайда Максим жұбаныш белдесуге мүмкіндік алып, өзінің басты қарсыластарының бірі Моңғолияның мықты спортшысы, Олимпиада жеңімпазы Найдан Тувшинбаярды жеңді. Үшінші орынға күрес кезінде оның қарысыласы әлем рейтингінде бірінші орында тұрған әзірбайжандық дзюдошы Эльмар Гасымов болды. Эльмар осал қарсылас емес, көптеген Гран-при мен Еуропа жарыстарының жүлдегері және жеңімпазы. Нәтижесінде Максим жеңіліп, бесінші орынды қанағат тұтты.
Айта кетейік, аталмыш жарысқа 91 мемлекеттің спортшылары қатысты.
0 пікірлер