Дзюдо жанкүйерлері жастар құрамасын салтанатты түрде қарсы алды!

21:46 | 28 қазан 2015

Бүгін Астана халықаралық әуежайында дзюдо күресінің жанкүйерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері әлем бірнішілігіне қатысып келген жастар құрамасын салтанатты түрде қарсы алды.

08d886ebf52b812462356426e0094684.jpg

Естеріңізге салайық, жарыс қорытындысы бойынша 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мағжан Шәмшәдин әлем чемпионы атанды, ал 100 келіге дейінгі салмақта Никита Азаров жарыстың қола жүлдесін жеңіп алды. Сонымен қатар, 73 келіде Дидар Хамза мен қыздар арасында 57 келіге дейінгі салмақта Әйгерім Әбілқадырова бесінші орынға тұрақтады.

c6db12fbacb37184bf4d46f85c854891.jpg

Жастар құрамасы үшін бұл сәтті жарыс болды. Себебі жалпы медаль қоры бойынша құрама 6 орын алды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар