​Ташкенттегі Гран-при турниріне қатысатын ұлттық құрамамен таныс болыңыздар!

01:06 | 03 қазан 2013

Өткен демалыста Алматыда өткен дзюдодан Әлемдік Гран-При жарысында (28-29 қыркүйек) 5 алтын, 5 күміс, 7 қола медаль қанжығалалаған Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Біздің дзюдошыларды алда жаңа Гран-при күтіп тұр, ол турнир 5-6 қазанда Ташкентте өтеді.

Алматы турнирінде өнер көрсеткен қыздар құрамасы Ташкентке сол құрамда баратын болса, жігіттер құрамасына бірінші нөмірлер кірмей отыр. Яғни, Өзбекстанға біздің ерлер құрамасының резерві барады.

Ерлер құрамасы

60 кг: Еркебұлан Қосаев, Серіктай Зәкетаев

66 кг: Бақдәулет Сәбитов, Ілияс Ізмагилов

73 кг: Дастан Ықыбаев, Жәнібек Назаров

81 кг: Азамат Қыпшақбаев, Батыр Мұқатаев

90 кг: Константин Рогозин, Айбол Айтбек

100 кг: Адам Богатырев, Дархан Темірханов

+100 кг: Айтуар Абдулов, Сәулет Әбдісалықов

Бас жаттықтырушы - Ермек Иманбеков


Қыздар құрамасы

48 кг: Александра Подрядова

52 кг: Алтынай Балтина, Олеся Куценко

63 кг: Мархабат Қуатбекова, Мариан Ордабаева

70 кг: Зәмзәгүл Файзолланова, Динара Кударова

78 кг: Альбина Амангелдиева, Анар Сейтімова

+78 кг: Гүлжан Исанова

Бас жаттықтырушы - Жәкен Саламатов

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар