Алматыда Дзюдо академиясы салынады
Қазақстан дзюдосының тарихында маңызды оқиға орын алды - өткен сенбі, 28 қыркүйек күні Алматыда салынып жатқан Дзюдо академиясының іргетасына капсула қалау рәсімі өтті.
Болашаққа жолданған ескерткіш хатқа Алматы әкімі Ахметжан Есімов, Қазақстанның Дзюдо федерациясының президенті Кеңес Рақышев, Халықаралық Дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер және ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов қол қойды.
Жаңа спорттық кешен барлық халықаралық стандарттарға сай болады. Ол жерде ұлттық құрама командамен қатар, жас дзюдошылар да жаттығады деп жоспарлануда.
Спорт кешенінде 4 татамиге арналған зал, тренажер залы және 100 адамға есептелген жатақхана жабдықталмақ.
0 пікірлер