КСРО спорт шебері Бақыт Ташметовты еске алуға арналған жарыс өтті

11:30 | 23 қыркүйек 2015

18 – 20 қыркүйек аралығында Тараз қаласында Кеңес Одағының спорт шебері Бақыт Ташметовты еске алуға арналған халықаралық турнир өттті. Оған 1999-2000 жылғы дзюдошылар қатысты. Жарыста еліміздің барлық областары мен Қырғызстан және Өзбекстаннан келген 582 дзюдошы бағын сынады. Турнир нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар табысталды. Бірінші орынға – 70 000 теңге, екінші орынға 50 000 теңге, үшінші орынға 30 000 теңгеден берілді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің аты – жөндерімен ресми сайттың нәтижелер бөлімінен таныса аласыздар.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар