БАСПАСӨЗ АҢДАТПАСЫ

20:06 | 10 қыркүйек 2015

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сіздерді дзюдо күресінен әлем біріншілігінің қорытындысы бойынша өткізілетін баспасөз конференциясына шақырамыз. Шара барысында жеңіске жеткен спортшылар марапатталатын болады.

Баспасөз конференциясы ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде cағат 11.00-де Алматы қаласы, Intercontinental Almaty қонақ үйінде «Абай» залында өткізіледі.

Сөз сөйлеушілер:

-Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Рақышев Кеңес Хамитұлы;

-Қазақстан дзюдо федерациясының бірінші вице-президенті Мықтыбеков Маратбек Сәменбекұлы;

-Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Қаймақов Абай Тұрсынбекұлы.

Баспасөз – конференциясы аясында 60 келі салмақта 2015 жылдың чемпионы Елдос Сметов пен әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Рустам Ыбраевты және кадеттер арасында 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Айболат Ыстыбайды марапаттау рәсімі өткізіледі.

Баспасөз конференциясында тілшілер қауымы кез келген сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік алады.

Шараға қатысу үшін 11 қыркүйек сағат 17.00 дейін тіркеуден өтуіңіз керек, өз ақпарат құралыңыздың атауын, аты – жөніңізді және байланыс телефоныңызды төменде көрсетілген электрондық поштаға жіберуіңіз қажет.


press@fdk.kz

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар