Қарағанды қаласында халықаралық жарыс өткізіледі

18:00 | 10 қыркүйек 2015

2015 жылдың 11-12 қыркүйегі аралығында Қарағанды қаласы «Жастар» спорт кешенінде 1995-1996 жылғы жастар арасында дзюдо күресінен V халықаралық жарыс өткізіледі. Турнир Азия дзюдо федерациясының қолдауымен ҚР Ата заңына және Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл толуына орай өткізіледі. Жарысқа Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан мен Моңғолия спортшылары және Астана мен Алматы қалалары мен еліміздің14 облысының дзюдошылары қатысады деп жоспарланған.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар