Гран-при. 66 кг. Жұмаханов Шершанды жеңді
18:20 | 28 қыркүйек 2013
Алматыда дзюдодан өткен Әлемдік Гран-при жарысында 66 кг салмақ санатында қазақстандық Елдос Жұмаханов жеңіске жетті! Ол жартылай финалда отандасы Бақдәулет Сәбитовтен басым түссе, алтын үшін шешуші жекпе-жекте беларусь балуаны Дмитрий Шершанды жеңді.
Ал Сәбитов кіші финалда командаласы Ғайнулла Есенғалиевпен кездесіп, оны жеңіп шықты. Ал Есенғалиев болса, бұған дейін командаласы Нұрлан Оразалинді жеңген болатын. Міне, осындай командаластар тізбегінің ең соңында Жұмаханов жеңіс тұғырына көтерілді.
0 пікірлер