Әлем чемпионаты. Екінші күннің қорытындысы
18:24 | 25 тамыз 2015
Бүгін жанкүйерлер 66 келі салмақтағы спортшылардың кездесулеріне куә болды. Осы салмақта қазақ елінің намысын екі бірдей спортшымыз қорғаған еді. Алайда Азамат Мұқанов алғашқы кездесуінен сүрініп, жарысты жалғастыра алмады. Елдос Жұмаханов алдына жан салмады. Ол өзінің төрт кездесуінде де таза жеңіске қол жеткізіп, жартылай финалға жолдама алды. Алдымен кипрлік Андреас Крассосты, одан кейін тунистік Хусем Халфауиді, одан кейін ұлыбританиялық Колин Оатсты ұтса, жартылай финал жолдамасы үшін Азия мен Азия Ойындарының чемпионы моңғолиялық Тумурхулег Даваадорждан басым түсті. Үшінші орынға Ришод Собировпен күресіп, жеңіліс тапты. Нәтижесінде бесінші орынға тұрақтады.
0 пікірлер