Айболат Ыстыбай әлем чемпионы!

23:57 | 05 тамыз 2015

Босния және Герцеговина астанасы Сараево қаласында кадеттер арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінде 50 келі салмақ дәрежесінде Айболат Ыстыбай чемпион атанды. Ол бес кездесуінің төртеуін «иппон» ұпайымен ұтты. Ақтық кездесуінде де итальялық Бьяджо д'Анджелоға қарсы әдемі әдіс жасауы арқылы «иппон» ұпайын иеленіп, жеңіске жетті.

Жарысқа әлемнің 59 елінен 500-ге тарта спортшы қатысуда. Байрақты бәсеке тамыз айының 8 жұлдызына дейін жалғасады.

Нәтиже:

Жасөспірімдер 50 келіге дейін

1. Айболат Ыстыбай (Қазахстан)

2. Бьяджо д'Анджело (Италия)

3. Нармандах Баянмунх (Моңголия)

3. Казбек Нагучев (Ресей)

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар