Түменнен жағымды жаңалық
20:50 | 18 шілде 2015
Ресейдің Тюмень қаласында өтіп жатқан «GRAND SLAM» жарысының алғашқы күні қазақ құрамасының қоржыны бірден үш медальмен толықты. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Айбек Имашев пен Асхат Тельманов үшінші орын алса, 66 келіге дейінгі салмақта Ғабит Есімбетов ақтық кездесуде жапондық Томофуми Такаджодан ұтылып, күмісті қанжығасына байлады. Ертең жарыс жалғасады.
0 пікірлер