Александра Подрядова «Grand-Prix» жарысының қола жүлдегері

16:16 | 03 шілде 2015

Моңғолияның астанасы Улан-Батор қаласында дзюдо күресінен өтіп жатқан «Grand-Prix» жарысында 48 келі салмақта ел намысын қорғаған Александра Подрядова қола жүлдені қанжығасына байлады. Жарыс жолын екінші айналымнан бастаған Александра, моңғол дзюдошысы Бишрэлт Хорлоодойдан басым тсүіп, жартылай финалда кәріс спортшысы Канг Юженгтан ұтылып, үшінші орынға күресті. Қола үшін кездесуде қытайлық Джан Яхонгтан айласын асырып үшінші орын алды.

Сонымен бірге, 60 келі салмақта Қырғызбаев Гусман жүлдеге жақын болды. Ол үшінші орынға күрес кезіенде моңғолдық қарсыласынан жеңіліп, бесінші орынға тұрақтады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар