23 жасқа дейінгі дзюдошылар арасында ел біріншілігі аяқталды

09:06 | 29 маусым 2015

Өскеменде 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында ел біріншілігі аяқталды. Оған Ақмола облысынан басқа, барлық өңірлерден 240 спортшы қатысты. Нәтижесінде 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен Қарағанды облысының спортшылары бірінші орын алса, екінші орында 3 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль ұтқан Қызылорда дзюдошылары. Шығыс Қазақстан облысы 2 алтын, 2 күміс және 4 қола жүлдемен үшінші орынға табан тіреді.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар