Кувейттен жаңалық

20:40 | 12 мамыр 2015

Кувейттің астанасы Эль-Куветте өтіп жатқан Азия біріншілігі аясында Азия дзюдо одағының кеңесі өткізіліп, дауыс беру нәтижесі бойынша Қазақстан дзюдо федерациясының Бірінші вице-президенті Маратбек Мықтыбеков одақтың орталық аймақтағы Президенті болып тағайындалды. Осыған байланысты ол Азия дзюдо одағы Вице-президенті қызметін қоса атқарады. Естеріңізге салайық, одақтың орталық аумағына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түркменстан жатады.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар