Кувейтте Азия біріншілігі басталды

13:00 | 13 мамыр 2015

Кувейттің астанасы Эль-Кувейтте дзюдо күресінен Азия біріншілігі басталды. Бүгін татамиге 48, 52, 57, 63, 60, 66, 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі спортшылар шығады. Естеріңізге салайық, додалы бәсекеде қазақ елінің бірінші құрамы бақ сынауда. Бүгін жарыс жолына Елдос Сметов (60 келі, Тараз), Елдос Жұмаханов (66 келі, Маңғыстау облысы), Дастан Ыкыбаев (73 келі, ШҚО), Александра Подрядова ( 48 келі, ОҚО), Ленария Мингазова (52 келі, Тараз), Назгүл Құбашева (57 кг, Атырау), Севара Нышанбаева (57 келі, ОҚО) және Мариан Урдабаева (63 келі, Алматы) шығады.

«Казспорт» телеарнасы ақтық кездесулерді тікелей эфирде көрсетеді. Көрсетілім кестесі:

13 мамыр. 19:45. ДЗЮДО. Азия чемпионаты (Кувейт). 1-ші күн
14 мамыр. 19:45. ДЗЮДО. Азия чемпионаты (Кувейт). 2-ші күн
15 мамыр. 19:45. ДЗЮДО. Азия чемпионаты (Кувейт). 3-ші күн

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар