Рустам Ыбраев «Grand Slam» жарысының жеңімпазы атанды
18:48 | 08 мамыр 2015
Қазақ дзюдошысы Рустам Ыбраев Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан "Grand Slam " жарысының жеңімпазы атанды. 60 келі салмақта күрескен спортшымыз алғашында швейцариялық Людовик Чамартинді, келесі кездесуде австралиялық Людвиг Пайшерді жеңді. Жартылай финалға жолдама үшін ол Әзібайжанның атақты балуаны, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, әлемдік рейтингіде үшінші тұрған Орхан Сафаровтан басым түсті. Жартылай финалда Рустам неміс дзюдошысы Тобиас Энглмайерді жеңіп ақтық сынға жолдама алды. Финалда Франция спортшысы Винсент Лимарды осы жолы да жеңді. Естеріңізге салайық, осыған дейін екі дзюдошы Дюссельдорфта өткен Гран-при жарысында кездескен еді.
0 пікірлер