Конфедерацияның спортшыларына жаңа форма таратылды

11:05 | 04 мамыр 2015

Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясының спортшыларына жаңа форма берілді.

Конфедерацияның төрағасы Т.А.Құлыбаевтың ұйымның алдына қойған негізгі сегіз бағыт-бағдарына ең заманауи талаптарға жауап беретін материалдық-техникалық база жасақтау және оны нығайту жатады, соның ішіне спортшыларды толық қажетті киім-кешектермен қамтамасыз етуі де бар.

2015 жылдың маусымында бокс, күрес, дзюдо, таеквондо және ауыр атлетика шеберлеріне мерекелік, жаттығу және желден сақтайтын киімнің 15 түрлері бар жаңа спорттық форма таратылады.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» АҚ және "ҚазмұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ титулдық демеушілердің қолдауы бар Конфедерация екі жыл бойы командалық спорттық киімдерге UMBRO атты ірі британдық өндіруші фирмадан тапсырыс беріп отыр.

"Бүгін өзіміздің бес республикалық федерациялар Алматыдағы қоймалардан жаңа спорттық формаларды алуда, кейін өз командаларына тарататын болады, - дейді Конфедерацияның спорттық директоры Арман Ташметов. - Ұлттық командалардың бірінші-екінші құрамалары, жаттықтырушылар штабы мен кешенді-ғылым топтарының мүшелері толығымен жаңа спорт киімімен қамтамасыз етіледі".

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар