24 сәуірде дзюдо күресінен әлем біріншілігіне билеттерді сату басталады

14:22 | 22 сәуір 2015

Бүгін «Дзюдо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі мен «KAZTICKET» ЖШС арасында билеттерді сату жөнінде келісім шартқа қол қойылды. Билеттерді сату kazticket.kz және www.worldjudo2015.kz сайттары арқылы жүргізіледі.

Қазіргі таңда «KAZTICKET» ЖШС Астана қаласында, Конгресс-Холда, «Қазақстан» орталық концерт залында, М.Горький атындағы театрда өздерінің билет сататын агенттері бар және «Туран-18» бизнес орталығында жеке кассасы жұміс істейді.

Естеріңізге салайық, дзюдо күресінен әлем біріншілігі Астана қаласында 24-30 тамыз аралығында өткізіледі. Өткізілетін орны: «Алау» мұз айдыны, Есіл ауданы, Қабанбай батыр көшесі 47.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар